
Түркістан облысы Сайрам ауданы Ақсукент ауылы
«Аяла» санаторлық бөбекжайы» КММ-сі директоры — Өмірзақ Айгүл Орынбасарқызы
Өмірзақ Айгүл Орынбасарқызы1976 жылы 24-қаңтарда Созақ ауданы Құмкент совхозы Қызылкөл елді мекенінде дүниеге келген,
М Әуезов атындағы орта мектепте оқыған. Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша Шымкент әлеуметтік –педагогикалық университетін бітірген.
Отбасылы, 6 баланың анасы, күміс алқа иесі.

Еңбек жолын «Керемет» шағын орталығының тәрбиешісі болып бастаған, № 2 Сайрам балалар бақшасының әдіскері қызметін атқарған.
2015-2018 жылдар аралығында «Арман» бөбекжай балабақшасының меңгерушісі қызметін атқарып, 2018жылдың шілде айынан бастап «Аяла» санаторлық бөбекжайы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды. Санаторлық бөбекжайы 2014 жылы қолданысқа берілген, 80 бала тәрбиеленеді. Бөбекжайдың жұмыс уақыты 10,5сағат.
Мекемеде баланың өмірін сақтау және денсаулығын нығайту толыққанды дене бітімін дамыту, салауатты өмір салт құндылығын қалыптастыру, толық кеңістікті құру және мектеп жасына дейінгі баланың жеке дамуын кешенді сүйемелдеуді қамтамасыз ету қарастырылған. Бөбекжай Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сай жұмыс жасайды. Санаторлық бөбекжайы бүлдіршіндері жыл сайын өткізілетін аудандық байқауларға белсене қатысады. 2018 жылы Сайрам ауданына 90 жылдығына арналған «Шежірелі Сайрам» атты балалар шығармашылық байқауына қатысып ІІ орын иеленген. Санаторлық бөбекжайы тәрбиеленушісі «Күз мереке, күз береке» байқауына белсене қатысқаны үшін

І орынды иеленді. 2019 жылы Мектеп жасына дейінгі балалар арасында қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау, мектеп жасына дейінгі балалардың көркемдік эстетикалық рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту, өнерлі, талантты балаларды анықтау, қолдау мақсатында өткізілген аудандық «Айгөлек» балалар шығармашылық байқауында ІІ жүлделі орынды иеленді.
2019 жылы аймақтық «Күз мереке, күз береке» байқауына қатысып Бас жүлдені иеленді.
2023 жылы аудандық «Балаларға базарлық» байқауында 3-орын иеленді, жетекшісі Р. Кульбаева.
2023 жылы аудандық «Алтын күз» байқауында І- орын иеленді, жетекшісі Г.Байзакова..
Тәрбиешілеріміз ауданда болған бірнеше жарыстарға қатысып, жүлделі орындар алды. 2024 жылы аудандық «Балалық шағымның, шуақты биі» байқауынан 3-орын иеленді, жетекшісі А. Тазабекова
Білімді ел Мәңгілік ел демекші, білімді де адамгершілігі мол ұрпақ тәрбиелеу, оларды аман есен өсіру баршамыздың міндетіміз.
«Мәңгілік ел» ұлттық идеясы аясындағы қазақстандық мектеп: заманауи үлгісі, үдерісі және даму болашағы семинар –кеңесіне қатысып, Мектепке дейінгі ұйымдарды басқарудың иновациялық амалдары тақырыбында біліктілікті арттыру курстарынан сертификаттар алған.
Балаларымыздың сапалы білім алып, саналы ұрпақ болып өсуіне үлес қосқаны үшін Оңтүстік Қазақстан облысы мемлекеттік мекемелер қызметкерлері кәсіподағының «Еңбек озаты» төс белгісімен марапатталған.
Ауылдың қоғамдық- саяси өміріне белсене араласқаны үшін Ақсукент ауылдық округінің әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
Өмірзақ Айгүл Орынбасарқызының мектепке дейінгі тәрбиеленуші болашақ ұрпаққа ұшқыр уақыттың талабына сай сапалы білім мен саналы тәрбие беруде әліде берері мол.